Компания туралы

«MEREI Petroleum» ЖШС компаниясы Қазақстан Республикасында 2008 жылы 17 қаңтарда тіркелген.
Компанияға қатысушылар болып:
1. «Қазақстандағы ҚҰМК ИНТЕРНАЦИОНАЛ» ЖШС
2. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ
Компания қызметінің негізгі түрлері болып төмендегілер табылады:
- Сыртқы экономикалық қызмет, сауда-коммерциялық және экспорттық-импорттық операциялар;
- Көмірсутекті шикізат пен көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу өнімдерін саудаласу;
- Көмірсутекті шикізат пен оны қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу;
- Қазақстан Республикасы аймағында және одан тыс жерде мұнайды, газды, мұнай өнімдерін және жанар-жағармай материалдарын (әрі қарай - «ЖЖМ») сатып алу және қайта өңдеу, соның ішінде, табиғи монополия саласын қоспағанда, мұнай мен мұнай өнімдерін,көмірсутектерді, және оларды өңдеу өнімдерін дайындау, сақтау, маркетингі және саудалау, үлестіру, импорттау мен экспорттау, материалдық-техникалық жабдықтау;
- Мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау және ауыстырып тиеу; және де
- Мұнай өнімдерін тасымалдау.

Біздің серіктестер


Шикі мұнай менеджменті 

• Шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушыларынан сатып алу.
• Мұнайды МӨЗ-де өңдеу талаптарын келісу және шарттарын жасасу
• Мұнайдың қайта өңдеу мақсатында «ПҚОП» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС және «АМӨЗ» ЖШС МӨЗ-не жеткізілуін қамтамасыз ету.

Мұнай өнімдерінің менеджменті

• Зауыттармен жұмысты жоспарлау және үйлестіру, мұнай өнімдерін жасап шығаруды қадағалау.
• Мұнай өнімдерін ішкі нарыққа және экспортқа сату бойынша қызметті ұйымдастыру;
• МӨЗ-де технологиялық үдерістің мерзімінен бұрын/жоспардан тыс тоқтап қалуын болдырмау мақсатында мұнай өнімдерін МӨЗ-нен дер кезінде әкетілуін қамтамасыз ету.
• ҚР ішкі мұнай өнімдер нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында компанияның мұнай өнімдерін Қазақстанның түрлі өңірлеріне жөнелту жоспарлары бойынша әлеуметтік міндеттемелерін орындау.

Логистика және Тасымалдау

• Мұнай өнімдерінің экспортқа және Қазақстанның ішкі нарығына жөнелту мақсатындағы теміржол тасымалдарын жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру.
• Жылжымалы құрамдарды жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және мұнай өнімдерінің экспортқа және Қазақстанның ішкі нарығына жөнелту мақсатындағы теміржол тасымалдарын үйлестіру

Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарындағы өңдеу

Компания сатып алынған шикі мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңделуін жүзеге асырады:
1. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС («ПҚОП»);
2. «Павлодар мұнай химиясы зауыты» ЖШС («ПМХЗ»).
3. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС («АМӨЗ»).

"ПҚОП" ЖШС  

Шымкент мұнай өңдеу зауыты

"ПМХЗ" ЖШС

Павлодар мұнай химиясы зауыты

"АМӨЗ" ЖШС

ЖШС Атырау мұнай өңдеу зауыты

Әмзебаев Барыжан

Бас директор

Бөлекбаев Беркович
Сайдахметов

Бас директордың Бірінші орынбасары

Пресс-релиз

2022.06.15
Мұнай өнімдерінің нарығы. «MEREI PETROLEUM» ЖШС-нің АҒЫМДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
БАҚ-та және әртүрлі қоғамдық диалог алаңдарында жиілеп кеткен, «MEREI PETROLEUM» ЖШС-не іскерлік беделіне нұқсан келтіретін және оның қызметі туралы бұрмаланған пікір тудыратын жарияланымдарға байланысты компания өзінің ағымдағы ахуалы мен жұмыс қағидаттары туралы хабарлайды.

Басты кеңсе

Картада

Байланыс деректері

Өкілдіктері